Республикалық олимпиаданың жабылу салтанаты өтті

910

0

«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы бойынша өткізілген ЖОО студенттері арасындағы ХII республикалық пәндік олимпиаданың жабылу салтанаты өтті

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде В002 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім тобындағы «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы бойынша ЖОО студенттері арасындағы ХII Республикалық пәндік олимпиаданың жабылу салтанаты өтті.

Пәндік олимпиаданың мақсаты: студенттердің оқу – танымдық және оқу-зерттеу жұмыстарын ынталандыру, кәсіби – тұлғалық әлеуетін, олардың өзіндік санасын, өзін-өзі көрсету және өзін-өзі жетілдіру үшін жағдай жасау, ең талантты және дарынды жастарды іріктеу және қолдау.

Сайыс қорытындысы бойынша 1-орынды Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті жеңіп алды. 2-орынға Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті және Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті лайық деп танылса, 3-орынды С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті және Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті қанжығасына байлады.

Сондай-ақ «Ең үздік шығармашылық жоба» номинациясы Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетіне бұйырса, «Ең үздік таныстыру» номинациясына Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты ие болды. Ал Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті «Ең үздік эссе» номинациясына лайық деп танылды. «Ең үздік панорамалық оқу қызметі» номинациясын М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, қанжығасына байлады.

Аталған пәндік олимпиаданың жабылу салтанатында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры Б.С.Кәрімова сөз сөйлеп, жүлдегерлерді марапаттарымен құттықтады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<