Тиімді оқытудағы «Education Scrum»

1780

0

2 желтоқсан күні Қызылорда қаласындағы «Орда» колледжінің оқытушыларына арналған «Техникалық және кәсіптік білім беруде заманауи педагогикалық және SMART – технологияларды пайдалану» тақырыбындағы біліктілік арттыру курсы барысында «Тиімді оқытудағы «Education Scrum» тәсілін қолдану тиімділігі» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

Қазіргі заманғы Education Scrum білім беру ортасын ұйымдастыруда білім алушының белсенділігі мен дағдыларын дамытудың тиімді құралы бола алады. Яғни, тайм-менеджмент қағидаттарына негізделген жобаларды басқарудың заманауи тәсілі. Өнімді жасау барысында оны оңай өзгертуге және реттеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, спорттық команда шешуші ойынға (Scrum – ағылшын тілінде «айқас») қалай дайындалса, дәл солай команда мүшелері алған тәжірибелерінен сабақ алуы керек, мәселені шешу үшін өзін-өзі ұйымдастыру қағидаттарын бірлесіп меңгереді және жетістіктері мен сәтсіздіктерін талдауы керек. Әрине, Scrum бұған ықпал етеді.

Осы әдістеме аясында семинарға қатысушылар: өнім иесі – тренер, топтық команда (4 адам), скрам-мастер (жұмыс құруға көмектесетін, жұмыс ахуалын сақтайтын топ мүшесі, SCRUM тақтасындағы стикерлердің дұрыс орналасуына жауапты). SCRUM тақтасы – «Жұмыс барысы», «Орындалды», «Тексеруді қажет етеді», «Қол жеткен нәтижелер» бағандарының қатарлары сызылған және нақты тапсырмалары бар стикерлер жапсырылған үлкен қағаз плакат. Әр топ «SMART оқыту» бойынша ресурстарды талқылады, сол бойынша тапсырмаларды орындап, SCRUM тақтасына орналастырды.

Education Scrum ақпаратты іздеуді, талдауды және түрлендіруді үйренуге мүмкіндік берді. Жұмыс топта командалық негізде өтеді, сондықтан тиімді қарым-қатынас жасауды үйренеді. Стандартты емес бұл тәсіл қатысушылар бойында көшбасшылық қасиеттерді дамытуға ықпал етіп, өз тәжірибесінде қолдана білуді меңгерді.

Жанар Рзабекқызы Жубауова,

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының

Қызылорда облысы бойынша филиалының

Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді

оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы,

педагогика магистрі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<