ҰБТ-да 137 ұпай жинады

1022

1

Қызылордалық түлек қатарластары арасынан ең қиын емтиханда озық шықты. Ұлттық бірыңғай тестілеуде Дильназ Алматқызы 140 ұпайдың 136-сын жинады. Бұл туралы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.


Ол қалада орналасқан Т.Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейді бітіргелі отыр. Арманы – білім берген ұстаздарының жолын қуу. Шешуші сынаққа екі мәрте қатысқан талапкер біріншісінде 134 балл алған болатын.
– Ұстаз болуды жаныма жақын тұтамын. Біліміңді балалармен бөлісу маңызды миссия әрі ерекше жұмыс деп есептейтін. Болашақта физика пәнінің мұғалімі боламын. Ойлаған армандарым, алға қойған мақсаттарым жетерлік. Болашаққа нық қадам басып, арманым орындалады деген сенімдемін, – дейді Дильназ.

«СБ» ақпарат

Пікірлер:
  • Керемет, өте қуаныштымын. Дильназ ақ жол, ақ арман, ақ тілегің орындалсын. Биік шыңдарды бағындырған саған Алла мықты денсаулығы мен бармақтай бағын берсін. Құтты болсын Жанат Камитбекова, құтты болсын мектеп ұжымы, рахмет сіздерге ұстаздары, рахмет сізге ата-ана. Баланы тәрбиелеп, зейінді етіп, капиталына мол білім құйған, сіздердің мәртебелеріңізді асқақата берсін біздің шәкірт, Дильназымыз.

Пікір жазыңыз