Университет тұрақты даму мақсаттарымен бірге

1149

0

Осыдан 6 жыл бұрын Нью-Йорктегі БҰҰ-ның штаб-пәтерінде әлемнің әртүрлі мемлекеттері кедейлікті жоюға, теңсіздік пен әділетсіздікке қарсы күресуге, жаһандық дамуға, сондай-ақ, климаттық өзгерістерге байланысты мәселелерді шешуге бағытталған тұрақты дамудың 2030 жылға дейінгі 17 мақсатын қабылдады. Жалпы, тұрақты даму – бұл болашақты ойлау парадигмасы, экологиялық, әлеуметтік және экономикалық  даму арқылы өмір сүру сапасын жалпыға бірдей жақсарту. Сонымен қатар бір қоғам, бір халық, бір мемлекет мүддесі емес, тұтас адамзат баласына қолайлы жағдай жасау, яғни бейбіт қоғамды қалыптастырудан тұрады. Ол «Бірегей өркениет теориясымен» тығыз байланысты.

Осыған байланысты Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде адамзаттың тұрақты дамуының 17 мақсатын негізге ала отырып, 2021-2025 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспары тиімді іске асырылуда. Атап айтқанда, университет ғылыми-академиялық қоғамдастықты құра отырып, сапалы білім мен  білімді қоғамды қалыптастыруға, ғылыми-инновациялық жаңалықтар жасауға, Жер ресурстарын және экожүйені сақтауға, аймақтық және халықаралық әріптестікті дамытуға нақты жұмыс істеуде. Сондай-ақ, университеттің профессор-оқытушылар құрамы тұрақты даму тұжырымдамасы негізінде ғылыми-зерттеу бағыты болып табылатын жаһандық ғалымдармен қоршаған ортаны қорғау, баламалы энергия көздерін құру бойынша халықаралық ғылыми жобалар іске асыруда.

Бұдан бөлек, Әлемдік ең үздік университеттердің QS рейтингісіндегі (QS World University Rankings) жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық байланыс орнатылды. Атап айтқанда, Флоренция университеті (Италия), Швейцария Бизнес және Менеджмент университеті (Швейцария), Париж Сорбонна университеті(Франция), Балтық Халықаралық академиясы (Литвия), Кюндун университеті (Оңтүстік Корея), Гаджа Мада университеті (Индонезия) ЖОО-мен білім, ғылым және академиялық бағыттар бойынша тұрақты ұзақ мерзімді байланыстар жасалды.

Бекзат ЫРЗА,

«Болашақ» бағдарламасының  түлегі,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті

халықаралық байланыстар бөлімінің басшысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<