Зейінді бала – зияткер бала

38

0

Бастауыш сынып оқыушылары мектеп өмірін ғана емес, жан-жағын енді тани бастаған бүлдіршіндер. Бұл жаста балалар, ”Бұл не?”, ”Неге олай?”, ”Қашан?”, ”Қалай?” деп сұрақты көп қояды. Бәрін білгісі келеді. Сондықтан әрбір сабаққа үлкен дайындықпен барамыз.
Әсіресе интеллектуалды ойындар оқушының көп ақпарат біліп, тани түсуіне көмектеседі. Әрі өз бетінше жауап беріп, өзі шешім қабылдауға дағдыланады. ”Сен білесің бе?”, ”Ойлан тап!”, Тапқыр бала!”, ”Зейінді бала-2024” деген секілді зияткерлік ойындарды бүгінде экран арқылы ойнатып жүрміз. Сабақ кезінде жаңа технологияны қолдану оқушыларға ерекше әсер қалдырады. Мысалы жануарлар мен құстардың суретін көріп қана қоймай, даусын да даусымен бірге есту баланы қуантады. Осы секілді жемістерді, басқа да қоршаған ортадағы түрлі заттарды таныстырамыз. Суретін көргенде аттарын атап, буынға бөліп, дыбыстарды да ажыратады.

Зияткерлік ойындар үнемі оқшау жүретін томаға тұйық балалардың да қызығушылығын арттырып, белсенді қатысуына көмектеседі. Сондықтан әрбір ойынға ізденіп, дайындық жасаймыз. Интеллектуалдық сайыстар баланың танымын арттырып қана қоймай, бойында жоғары интеллект қалыптастырады. Бүгінгі зейінді бала, ертең-ақ үлкен білімді тұлға.
“Бала әдетті жасынан тамызықтап жинайды” деген Жүсіпбек Аймауытов. Сондықтан, жақс әдетті үйреніп, кітап оқуға, білімге деген құштарлығын арттыру үшін бастауыш сынып оқушыларына интеллектуалдық ойындарды жиі өткізудің маңызы зор.

Жадыра Абибуллаева,

№ 277 мектеп-лицейінің
бастауыш сынып мұғалімі
,

Байқоңыр қаласы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<