Жалағаштағы білім мекемелері жаңартылуда

621

0

Аудан басшысы А.Шәменов Есет батыр атындағы ауылдағы №124 орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.

Мектеп 2 блоктан тұрады.Жаңа оқу жылында жаңадан салынған 140 орындық екінші блогында оқушылар екі ауысыммен оқытылады. Күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 155 млн қаржы бөлінсе, қазіргі таңда 212 млн теңге қаржы қаралып отыр.

Мердігер мекеме «СтройЦентрТүркістан» ЖШС күрделі жөндеу жұмыстарын 1 тамызда бастап, жыл аяғына дейін пайдалануға беруді жоспарлануда.

Бұдан соң аудан әкімі Асылбек Шаменов Таң ауылында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатырған №118 орта мектептің жөндеу жұмыстарымен танысты.

Қазіргі таңда мектептің 80 пайызға жуық жөндеу жұмыстары аяқталды. Атап айтқанда, терезе орнатылып, сылақ жүргізіліп, мектептің сыртқы беті металл сайдингпен қапталып,  жылу жүйесі жүргізілуде. Биылғы жылдың мамыр айында «Ауыл-елбесігі» бағдарламасы арқылы жөндеу жұмыстары басталған мектепті жаңа оқу жылына дейін аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда.

Аудан басшысы құрылысты жүргізіп жатқан мердігер мекемелерге уақытылы әрі сапалы аяқтауды, аудандық білім бөлімінің басшысына бақылауға алуды тапсырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<