Жоба жастарға не береді?

327

0

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес «Жастар жылында» «Жас маман» жобасы қолға алынды. Республика бойынша 180 колледж бен 20 жоғары оқу орнында мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына және индустриалды-инновациялық жобаларды жүзеге асыруға қажетті, сұранысқа ие кадрларды даярлау – жобаның негізгі мақсаты.

Сонымен қатар, техникалық және кәсіптік білім беру саласын модернизациялауға бағытталған жо­ба – Worldskills қозғалысы халық­аралық талаптарға сәйкес жастардың жұмысшы кәсіптерін тегін алуына мүмкіндік береді.

«Жас маман» жобасы біздің облыста 9 колледжді жаңғыртуды көздейді. Оларда қазіргі заманғы жаб­дықтар сатып алу, жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу, оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің біліктілігін арт­тыру және оқыту жұмыстары жүр­гізіледі.

Жобаны іске асыру шеңберінде былтыр облыс әкімдігінің қаулы­сымен өңірлік комиссия құрылды. Облыс әкімдігі мен ҚР Білім және ғылым министрлігі арасында екі­жақты меморандумға қол қойылып, тиісті жұмыстар жүзеге асырылуда. Жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен барлығы 57,8 млрд теңге қаралған. Биыл өңірдегі 4 колледжге 1,2 млрд теңге, алдағы жылы 5 колледжге 1,3 млрд теңге, барлығы 2,5 млрд теңге қаржы бөлініп отыр.

Сонымен қатар, жергілікті бюд­жеттен 5 процент қаржыландыру үшін 64 млн теңге қаржы бөлінді. Биыл жобаға енген 4 оқу орнына мамандықтар бойынша жергілікті бюджеттен мемлекеттік тапсырыс орналастырылды.

Бүгінгі күні 4 оқу орнына қарал­ған қаржыға мамандар даярлау ба­ғыттары бойынша қажетті құ­рал-жабдықтар сатып алу үшін кон­курс жарияланып, жеңімпаздары анықталды. Мердігер мекемелермен келісім-шарттарға қол қойылып, құ­рал-жабдықтар жеткізілуде. Кон­курс өткізілген 17 лоттың 11-і құрал-жабдық, 6-ы техника алуға бағыт­талған.

Жоба аясында 4 колледжде 25 инженер-педагог мамандық бағыт­­тары бойынша шетелдік компа­ния­лардың ұйымдастыруымен онлайн форматында біліктілік арттыру курс­тарынан өтіп, арнайы сертифи­кат­тарға ие болды.

2020-2021 жаңа оқу жылында «Жас маман» жобасын жүзеге асырушы оқу орындары базасында құзыреттілік орталықтары ашылып, жұмыс істейтін болады. Бұл орта­лықтарда облыстағы барлық кол­ледждерде білім алушы сту­денттер кадрлар даярлау бағыт­тары бойынша оқу-өндірістік іс-тәжі­ри­беден өтіп, кәсіптік біліктілігін анық­тайтын арнайы сертификат алады.

Биыл «Еңбек» бағдарламасы ар­қылы өңірге жұмысшы мамандық­тарды оқытуға 1515 орын бөлінді.

Жастардың халықаралық талап­тарға сай кәсіптік білім алып, бәсекеге қабілетті, сұранысқа ие білімді де білікті маман атануына мүмкіндік беретін жобаның нәтижесі жыл өткен сайын арта бермек.

Бекжан ЕСЕНБАЕВ,

облыстық білім басқармасының

бөлім басшысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз