Қазақстанның барлық өңірінде экожүйе құрылады

513

0


Еліміздің барлық өңірінде агроөнеркәсіп кешені саласындағы экожүйе құрылады. Бұл туралы халыққа есеп беру кездесуінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Агроөнеркәсіп кешені саласындағы өндіріс көлемін арттыру мақсатында бүкіл республикада алдағы 5 жылдың ішінде жалпы сомасы 4,5 трлн теңгені құрайтын 845 инвестициялық жобаны жүзіге асыру жоспарланған. Бүгінде аталған инвестициялық жобалар өңір әкімдерімен және инвесторлармен пысықталған», – деді министр.

Оның атап өтуінше, тиісті жол карталары да рәсімделді. Аталған құжат аясында Ауыл шаруашылығы министрлігі жобалардың жүзеге асырылуына мониторинг жасап, бақылау жүргізіп отыр. Сонымен қатар ол Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ет, жеміс-жидек, көкөніс, астық және майлы дақылдар, сүт өнімдері өндірісін қамтитын ірі инвестициялық жобалардың төңірегінде 7 экожүйе құрылатындығын атап өтті.

«Бұл жоғары қосылған құны бар қазақстандық соңғы өнімді дайындауға алатын кемінде 350 мың фермерлік және үй шаруашылықтарын шоғырландыруға мүмкіндік береді. Өңірлердің ерекшеліктерін ескере отырып, елдің барлық аймағында экожүйе құрылады», – деді Сапархан Омаров.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<