Шаруашылықтар егін жинауға дайын

385

0

Аймақтағы ірі күріш шаруашылықтары  орақты 20 тамыздан кейін бастайды деп жоспарланып отыр. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары хабарлағандай, бүгінгі күнге барлық күріш егістігі арам шөптерге қарсы гербицидтермен толығымен өңделіп, тыңайтқыштармен үстеп қоректендірілген. Егін жинау жұмыстарына қатысатын трактор, комбайн, жаткалар мен автокөліктер 90% ораққа түсуге дайын.

Күзгі егін жинау және дала жұмыстарын жүр­гізу үшін 16 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Дизель отынын жеткізіп беруші болып  «Нефть-Транс Қы­­зылорда» және «РК-Мұ­най» серік­тестіктері бел­гіленген. Опе­раторлар ауыл шаруашылығы құры­лым­дарына дейін жеткізу шығындарымен бірге есеп­тегенде, әр литрін 178 теңгеден босататын болады. Шілде айында операторлар 2,9 мың тонна дизель отынын облысқа жеткізіп берді, оның 1150 тоннасы ша­руашылықтарға таратылды.

Облыста Ы.Жақаев атын­да­ғы Қазақ күріш шаруа­­шылығы ғылыми-зерттеу институты ғалымдарының өсірген жаңа сорттарын енгізу жалғасуда. Биылғы маусымда күріш­шілер «ҚазЕр-5», «ҚазЕр-6 және «Сыр сұлуы» сорттарын екті.

– Егін орағына толық дайынбыз, – дейді облыстық ауыл шаруашылығы бас­қар­масының егін шаруа­шылығы және өсімдік қор­ғау бөлімі басшысының мін­детін атқарушы Жүсіп­бек Әжібеков. – Ірі ша­руа­шылықтар жанар-жа­­ғармай­мен толық қам­­та­­ма­сыз етілген. Алдағы егін жинау науқанына 1740 трактор, 909 комбайн, 413 жатка және өзге де техникалар қатысатын болады.

– Соңғы бірнеше күнде дәннің ылғалдылығы 18-19-дан 12-13 процентке дейін төмендеді, демек, жуық арада оны жинап, қамбаға құя беруге болады, – дейді Қармақшы ауданындағы «Ақтөбе К» ЖШС директоры Нұрлан Іздібаев. – Біз 1800 гектар күріштік алқабында егін жинау жұмыстарын жүргізетін боламыз. Шаруашылықта 150 адам жұмыспен қамтылған. Биыл ұжымға тағы 10 жас маман қабылданды. Орақ басталғанда ауылдан тағы 30 адамды жұмысқа тартамыз.

Қазіргі күні серіктес­тіктің екі жыл бұрын сатып алған, сағатына 5 тонна дән ақтайтын оңтүстік кореялық күріш ақтау зауытын дайындау жұмыстарын жүрізуде.

Қазалы ауданында күріш жинау басқа аудандармен салыстырғанда бір апта кеш басталады. Соған қарамастан, аудандағы ең ірі шаруашылық – «РЗА-Агро» серіктестігінде егін жинауға барлық техника сақадай сай тұр. Шаруашылық екі жарым мың гектар алқаптың күрішін орады.

– Біз дәннің сапалы болуына басты мән береміз, – дейді серіктестік басшысы Нұрлан Имандосов. – Бірнеше жылдан бері күрішті өз республикамыз­дан бөлек, экспортқа – Түр­кіменстан мен Тәжік­станға шығарудамыз. Биыл­­ғы жылы экспорт көле­мі ұл­ғаяды деген сенімдеміз.

     

«СБ» ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<