Әрбір азамат «сақтандырылуы» тиіс

912

0

Жыл басынан бері міндетті әлеуметтік медициналық сақ­тандыру жүйесі енгізіліп, шіл­де айына дейін барлық азаматтар шартты түрде сақ­тандырылған болатын.

Соның негізінде тұрғындарға  тегін меди­циналық көмектің ке­пілдік берілген көлемі мен МӘМС жүйесіндегі меди­ци­налық пакеттер теңдей көр­се­тілді. Қазіргі кезде шартты кезеңнің уақыты аяқталды. Оның үстіне елге келген қауіпті індет халықты қалыпты өмір­ден ажыратып, шектеу шараларына бағы­нудан басқа амал қалдырмағаны белгілі. Айлар бойы жалғасып келе жатқан карантиндік шектеу­лер әсіресе, шағын және орта бизнес өкіл­дерінің жұ­мы­сына едәуір ке­дергі кел­тірді. Табыссыз қалғандар сақ­тандыру жарнасын төлеу қабі­летінен де айырылғаны жасырын емес. Осы және өзге де себептерден қазіргі уа­қытта  азаматтар емхана мен ауру­ханаларға жүгінген кезде сақтандырылғандар санатына жатпай қалу жағдайы көптеп туындап отыр. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен мәжілісте «Әлеуметтік медициналық сақ­тандыру қоры» КЕАҚ облыстық филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов мәлімдеді. Жиынға об­лыстық кірістер департаменті, білім, кәсіпкерлік, жұмыспен қам­туды үйлес­тіру және әлеу­меттік бағдар­ламалар басқар­малары мен «Атамекен» ҰКП өкілдері қатысты.

Белгілі болғанындай, мем­лекеттің 15 санат үшін төлейтін МӘМС жарнасынан түсіп қалу, өз мәртебесінің дұрыс анықталмауы, қаражаттың дұ­рыс аударылмауы, тағы басқа себептер бар.

– Мысалы, жоғары немесе орта арнайы оқу орнында оқитын студент­тердің мәртебесі «сақтан­дырыл­маған» болса, олар өздері оқитын оқу орнына жүгінуі тиіс. Оқу орнының әкімшілігі әрбір студенттің аты-жөні мен ЖСН-ін ақпараттандыру жүйесіне енгізуге міндетті. Егер студент шетелде оқитын болса, ол Білім және ғылым минис­трлігінің сан­дық трансформация депар­таментіне оқу орнында оқитынын дәлелдейтін құжат­тарын ұсыну қажет. Сондықтан бұл мәселе білім басқармасының құзырында. Егер жеңілдігі бар санаттағы адамдар, оның ішінде жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, 3 жасқа толмаған баласы барлар, мүгедек бала күтімімен айналысатын азаматтар, бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім жасайтын жұмыс істемейтін адамдардың мәртебесі «сақтандырылмаған» болса, олар облыстық жұмыспен қам­туды үйлестіру және әлеуметтік бағ­­­дар­­ламалар басқармасы мен Аза­маттарға арналған үкімет мем­лекеттік корпорацияның об­лыстық филиалына жүгіну керегін айтамыз, – деді филал директоры.

Сондай-ақ, жұмыс беру­шілердің қарамағындағы қыз­мет­­керлерге ең­бек демалысы кезінде жарна аудармау жағдайының да жиі кездесетіні белгілі болды.

Тағы бір айта кетерлігі, 42500 теңге әлеуметтік көмек алған кезде жұмыссыз ретінде тіркеуде тұра­тын, яғни, 15 санатқа жататындар бірыңғай жиынтық төлемді бір айға төлеу арқылы өз мәртебесінен айырылуда. Нақтырақ айт­қанда, бірыңғай жиынтық төлем төлеп, 42500 әлеу­мет­тік төлем алған азаматтар автоматты түрде «өзін өзі жұмыспен қамтығандар» мәртебесіне ие болып кетеді де, жарна төлеуге міндетті болып шығады екен. Сондықтан мұндай азаматтар облыстық жұмыспен қам­туды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жү­гініп, өз мәртебелерін анықтағаны абзал.

Пандемия кезінде шағын және орта бизнес субъектілері үшін жеңіл­дік жасалғаны белгілі. Үкіметтің арнайы Қаулысымен бизнес өкілдері  салық төлемдері мен қарамағындағы қызметкерлеріне сақтандыру жарнасын төлеуден босатылды.  Бұл орайда ШОБ қызметкерлерінің меди­циналық көмек алу құқығын биылғы 1 қазанға дейін ұзарту туралы шешім қабыл­данған болатын.

Жиында сала өкілдері сұрақтарын қойып, оған тұшымды жауап берілді.

Айнұр БАТТАЛОВА,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<