Аймақтың бас дәрігері Жаңақорғанға барды

1170

0

Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Искаков Олжас Ермекұлының медициналық ұйымдар жұмысымен танысу сапары Жаңақорған ауданында жалғасты.

Аймақтың бас дәрігері алдымен Төменарық ауылдық ауруханасы, Шалқия облыстық оңалту орталығы, Шалқия ауылдық емханасы жұмысымен танысып, шипажайда жатқан пациенттермен кездесіп пікірлесті.

Одан соң аудандық аурухана жедел жәрдем көмек көрсету стансасы жұмысын көріп, аурухана қызметкерлері және аудан тұрғындарымен кездесті.

Медицина мекемелері жұмысымен танысып, аудан тұрғындары талап-тілегін тыңдаған өңір бас дәрігері халыққа әрдайым сапалы әрі медициналық қызмет көрсету басты міндет екендігін айта келе, көңіл аударатын тұстарға байланысты тиісті мекеме басшыларына тапсырмаларын беріп өтті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<