Антына адал абзал жан

1504

0

Тұмша киім, тынымсыз қоңырау. Індет жұқтырғандар әдеттегіден аса көп. Сағат сайын түсіп жатқан науқастар, минут сайын тексеріс, секунд – жұтым ауа. Аурухана іші арпалысқан өмір. Әр адамның өміріне араша түсу үшін ақ халаттылар жан ұшыра жүгіріп жүр. Өзін сақтау үшін киген ауа өткізбейтін «сауыты» алқымынан алса да, көзілдірік алды буланса да әр жанға өмір сыйлауға бел буған. Антына адал дәрігерлердің қарусыз майдандағы осындай қалтқысыз еңбегі қандай құрметке болсын лайық.

Қоғамда адам өміріне тікелей қатысты үш мамандық бар. Бірі – тәртіп сақшылары, бірі – ұстаздар болса, тағы бірі – дәрігерлер. Алғашқысы адам құқығын қорғаса, екіншісі ұрпақ ертеңіне жауапты. Ал ұлт саулығы ақ халатты абзал жандардың қолында. Бүгінгі жаһанды жайлаған пандемия кезінде бұл үш мамандық иелері жауапкершіліктен жалтарған жоқ. Әсіресе дәрігерлердің түн қатып жүріп істеген тынымсыз еңбегін ерекше атап өту керек. Бұл қалтқысыз қызмет ескерусіз де қалған емес. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 21 маусым медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында бірқатар дәрігерді нарградтады.Қажырлы еңбектеріне алғыс айтып, амандық тілеп,мемлекетжан-жақты көмек беретінін жеткізді.

Осындай марапат биігінен көрінген жанның бірі – «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған Қызылорда жұқпалы аурулар ауруханасы балалар бөлімінің балалар-инфекционист дәрігері Збира Айдарбекова. Өмірін осы салаға арнаған жанның өз ісіне адалдығы оны талай биікке жетеледі. Өз мамандығын сүйетін жан үшінатақта, байлықта, мансап та маңызды емес.Олар үшін ең бастысы– адамденсаулығы. Алдына келген науқастың жанына жылу сыйлап, ертеңіне үміт берсе, олар үшін зор қуаныш. Міне, Збира Айдарбекова бiлiмі мен тәжірибесін жүрек жылуымен жанастыра білген осындай абзал жан.

Ол Қазалы ауданында дүниеге келген. Дәрігер болсам деген арман жетегінде Ақтөбе медициналық институтына «Педиатрия» дәрігер мамандығы бойынша оқуға түсіп, тәмамдайды. Кейін өмір жолСакен Ибраевпен тоғыстырып, отбасын құрып, ұл-қыз сүйіп, бірін ұяға бірін қияға қондырды.

Кейіпкеріміз – бірінші санатты педиатр, жоғарғы санатты инфекционист дәрігер. Оның осы біліктілігі қазіргідей пандемия жағдайында көп септігін тигізіп келеді. «Сұлулық – саулықта» деген сөз бар емес пе. Қатерлі індет алқымнан алғанда өмірдегі ең маңызды дүние – денсаулық екенін көп адам ұғынғандай. Дем жетпей қиналған науқас тек дәрігердің біліктіліген ғана үміт артады, сенеді. Ал дәрігерге сол сенімнен шығу – ең басты міндет. Жағдай белгілі, қазір ауруханаға түсетін науқастар саны тым көп кез.Тіпті қабылдап үлгірмей жататын, кезекшіліктен шаршап-шалдығып шығатынуақыт. Одан кейінгі анализ қабылдау, талдау жасау, ем тағайындау секілді бітпейтін процестің арасында жүріп кейіпкерміз өзін де ұмытып кетіп жатады. Отбасынан оқшау жүріп жұмыс істе қандай қиын. Әсіресе әйел адам үшін бұл қиынның қиыны. Немеренің тәтті иісі, шаңырақтың шаттық жылуы, дастархан басндағы әңгіме-дүкен, бәрі-бәрін айырбастау шынында да шаршатады.  Алайда артылған сенім бар, жүктелген жауапкершілік бар. Міне, осы міндеттер оны жігерлендіре түседі.

Айта кету керек, Збираның жары Сәкен Ибраев та осы саланың маманы. Отыз жылдан аса дәрігерлік қызметте келе жатқан ол соның 27 жылын Қызылорда облысы Полиция департаментінің Медицина қызметі саласына арнаған. Ол – «Жоғарғы санаттағы дәрігер», Медицина ғылымдарының кандидаты және полиция полковнигі. Елімізде төтенше жағдай жарияланғанда қауіпті індетке қарсы күресте жанын салып еңбек еткен жанның бірі.Блок-бекеттерде күндіз-түні кезекшіліктетұрған қызметкерлердің қауіпсіздігін бақылау Сәкеннің мойнында болды. Ел басына түскен қиындықты жан-тәнімен түйсінгендіктен әрі осы саланың шебері болғандықтан жары Збираның қызмет жолындағы қиындықтарын ұғынады, түсінеді. Мамандыққа адалдықтан айнымау қажеттігі қос дәрігердің кеудесінде сайрап тұр. Сонымен бірге қос дәрігердің Ақерке атты қызы да С.Асфендияров атындағы Алматы Медицина университетін тәмамдап, Алматы қаласының №12 емханасында дәрігер-эпидемиолог болып қызмет етуде. Бір саланы таңдаған бұл отбасы мүшелерінің өлшеусіз ісіне елдің алғыстан өзге айтары жоқ.

Света АРТЫҚБАЙҚЫЗЫ

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<