«Боброва» аппараты жеткізілді

1495

0

Бүгін еріктілер демеушілер есебінен алынған «Боброва» аппаратын емдеу мекемелеріне жеткізді. Бұған дейін де 10 аппарат демеушілер тарапынан алынып, емдеу мекемелеріне табысталған.

– Егер оттегін адамға тікелей жіберсе, кеудесін күйдіріп жібереді. Сондықтан адам ағзасына қажетті оттегі мөлшерін өткізіп отыратын «Боброва» аппараты қажет. Бұл құрылғы оттегі жолдарын ылғалдандырып, қабылдауға дайындайды. Таяуда меценат көмекке берген 2 млн теңгенің 1 млн 600 мың теңгесіне осы аппараттың 10 данасына тапсырыс бергенбіз. Қалған 400 мың теңгесін оттегіге жұмсадық. Бүгін құрылғы келді. Оны емдеу мекемелеріне өткіздік, – деді еріктілер тобының жетекшісі Ләззат Бақтыбаева.

Еріктінің мәліметінше, қазіргі таңда облыс халқына 300 «Боброва» аппараты және 250 концентратор қажет. Алдыңғысының құны 160 мың теңге болса, кейінгісі 500 мың мен 1 млн теңгенің аралығында бағаланған. Бұған қоса, «Сыр медиа» ЖШС 6 дана, Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы 4  дана «Боброва» аппаратын алдыруға демеуші болмақ.

Айта кетейік, бүгін құрылғыларды жеткізіп беруде «Сыр медиа» ЖШС тарапынан бөлінген 3 автокөлік пайдаланылды.

Дәулет ҚЫРДАН.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<