Бүйрек ауруының басты белгілері қандай?

1997

0

    Бүйрек – адам  ағзасындағы маңызды мүшенің бірі. Әсіресе  әйелдер қауымы үшін маңыздылығы өте зор. Бүйрек жұмысының нашарлауы, оның әлсіздігі  әйел ағзасындағы  түрлі дерттен хабар береді. Сондықтан бүйрек ауруының бес белгісі туралы айтпақпыз.

1.Бүйрек әлсіздігінен бет, аяқ, қол, көздің айналасы ісіп кетеді.Бүйрек ағзадағы  суды реттейтіндіктен, оның жұмысы бұзылса, қан айналымы  нашарлайды.Мұны ретке келтірудің оңай шешімі ұйқы алдында  суды аз мөлшерде ішіп, белге  арналған жаттығу жасау.

2.Әйелдердің тез тоңу  себебі бүйрек әлсіздігінен болады.Мұндай құбылысты жеңу үшін  тамақтану рационын қадағалап, қой еті, сиыр еті, ащы бұрыш, пияз, зімбір  секілді азықтарды көбірек пайдаланған жөн.

3.Бастың ауруы, ұйқының бұзылуы, мидың  шаршауы, ойдың үнемі  бөлініп кетуі де бүйрек әлсіздігінен болады. Ағзадағы мұндай өзгерістерді  жеңу үшін  қаздың етін, саңырау құлақ, жүзімді үнемі пайдалану керек.

4.Бүйрек әлсіздігінен  әйелдердің ішкі секреция жүйесі әлсіреп, бүйрек үсті безінен адреналин  бөлінуі азайып, денедегі  зат алмасу процесі бұзылады.Ол артық  май жиналуына  себеп болады.Оған қарсы  тұру үшін  алақанды бір біріне  ысқылап, жылы күйінде бүйрекке басу. Мұны күніне бірнеше рет қайталаған жөн.Сонымен қоса қаз, қоян, балық еті секілді азықтарды көп тұтынған дұрыс.

5.Бүйрек әлсіздігінен қан қысымы артады. Мұндай белгілері  байқалысымен аурудың алдын алып, дәрігерге көрініп, емдік шаралар қолданбаса, бүйрек істен шығып, өмірге қауіп төндіруі мүмкін.

Ұ.НҰРБАЕВА,

         Сырдария аудандық  ТКҚСҚББ

санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің

жетекші маманы 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<