Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті

1409

0

Қазақстан Республикасының халқын дәрілік заттармен қамтамасыз етуді ТМККК және МӘМС шеңберінде тегін медициналық ұйымдар және ақылы негізде жеке меншік дәріханалық ұйымдар жүзеге асырады.

Қызылорда облысында фар­ма­цевтикалық қызметпен 328 дәріхана, дәріханалық пункт айналысады, оның ішін­­де 178-і Қызылорда қала­сында орналасқан. Барлық дәрі­­ханалар – жекеменшік субъектілері. Дәріханалардағы дәрілік заттардың ассортименті кәсіпкерлік түріне байланысты (микро, шағын, орта, ірі) және орта есеппен 500-ден 5000-ға дейін аталымды құрауы мүмкін. Дәріханалардағы дә­рі­лік заттардың қоры ай сайынғы қажеттілікке, мау­сым­дыққа және халықтың сұ­ранысына байланысты сатып алынады.

Соңғы 3-4 күн ішінде халық тарапынан ыстықты түсіретін, вирусқа қарсы, антибакте­риалды, иммуномодуляциялық препараттарға сұраныс күрт артты. Мысалы, бір дәріха­надан бір мезетте бұрын бір айлық қор болып есептелетін 2000 конвалюта Аспирин дәрілік затын сатып алу фактісі орын алған. Осындай жағдай наурыз-сәуір айларында халықтың жеке қорғаныш құралдарын жаппай сатып алуы салдарынан дәріханаларда жа­­­­санды жетіспеушіліктің туын­­­­дауына әкелген болатын. Бүгінгі күні барлық дәрі­­­­хана ұйымдарында жеке қорғану құралдары жеткілікті мөлшерде бар. Қазіргі уақытта дәріхана ұйымдары халықтың қажеттіліктері мен сұранысына сәйкес дәрілік заттарды сатып алуды жүзеге асырады.

Дәрілік заттарға өтінімдердің ұл­ғаюына байланысты дистрибью­тор оларды кешіктіріп жі­беруде. Қазіргі кездегі елімізде эпи­демиологиялық ахуал­дың күр­деленуіне байланысты барлық фарма­цевтикалық ұйым­дар қызметкерлерінің бір бө­лігі «қашықтан» жұмыс жасауда. Кейбір дистрибьюторлық ұйымдарда қыз­меткерлер коронавирустық  инфекция жұқтырған және қазіргі уақытта ем қабылдауда. Осындай дәрі-дәрмек тапшылығы республика бойынша барлық аймақта байқалады.

Қолданыстағы нормативтік құ­қықтық актілерге сәйкес, дәріханада дәрігер жазып берген дәрілік зат болмаған жағдайда, дәріхана маманы дәрігердің келісімінсіз пациентке халықаралық патенттелмеген атауымен дәрілік заттың ең төменгі бағасынан бастап бар оның аналогтарын ұсынады немесе емдеуші дәрігермен келісім бойынша оны фармакологиялық аналогпен ауыстырады. Мысалы, «Азитромицин, таблеткалар 500 мг» дәрілік заты әртүрлі сауда атауларымен сатылады, атап айтқанда «Азибиот®», «Азитро®», «Азитромицин-Сандоз®», «Зинфект», «Зиромин», «Сумамед®», «Зитрокс», сол секілді «Парацетамол 500 мг таблеткалар»  дәрілік заты «Эффералган», «Панадол», 5 өндірушіде «Парацетамол» сауда атауларымен сатылады.

Әлеуметтік желілерде Қызылорда қаласы дәріханаларында ыстықты түсіретін, вирусқа қарсы, антибактериалды дәрілік заттардың болмауына, сондай-ақ оларға бағаның жоғарылауы­на байланысты шағымдардың көбеюіне орай департамент Қызылорда қаласы дәріханаларының дәрілік заттармен қамтамасыз етілуіне, сондай-ақ аталған дәрілік заттардың бөлшек саудада шекті бағаларының сақталуына мониторинг жүргізді.

Жүргізілген мониторинг нәти­же­сінде дәріханалардың көп­шілі­гінде препараттардың мөл­шері жеткілікті екені, ұсақ дәріханалық ұйымдарда кейбір антибиотиктер, ыстықты түсіретін және вирусқа қарсы дәрілік заттар жоқ екені анықталды. Қазіргі таңда дәрілік заттарды дистрибьюторлық қоймалардан алуға тапсырыстар жолданған. Бөлшек сауда бағалары Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген дәрілік заттардың шекті бағаларын сақтау мониторингі бөлігінде Қызылорда қаласының дәріханаларында шекті бөлшек сауда бағаларын арттыру фактілері анықталған жоқ. Жоғарыда көрсетілген бұйрықта 6191 дәрілік заттың атауына бөлшек және көтерме сауда үшін шекті бағалар бекітілді. Дәрілік заттардың шекті бағалары жылына екі рет: 10 шілдеге дейін және 10 қаңтарға дейін бекітіледі. Шекті баға – бұл қандай да бір дәрілік затты жоғары сатуға болмайтын баға, яғни, қандай да бір дәрілік заттардың бағасына жарты жыл ішінде теңге бағамы да, сату маусымдылығы да әсер етпейді. Дәрілік заттардың шекті бағасын DariKZ мобильді қосымшасынан білуге болады.

24 маусымдағы жағдай бойынша, бөлшек желіде жиі қабылданатын және халық тарапынан дәріханаларда жоқ екендігі туралы шағым жасалған келесі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың облыстық дәріханалық ұйымдарда болуына жүргізілген мониторинг нәтижесі:

АтауыӨлш.бірл.Қалдық
1Азитромицин, таблеткалар 500 мгқаптама208
2Амизон, таблеткаларқаптама84
3Анаферон балалар үшін, таблеткаларқаптама3 616
4Анаферон, таблеткаларқаптама2 344
5Антисептиктерлитр10 924
6Аскорбиновая кислота, дражеқаптама7 256
7Аскорбиновая кислота, инъекция үшін ерітіндіқаптама15 532
8Ацетилсалициловая кислота, таблетка 500 мгқаптама49 276
9Ацетилсалициловая кислота, таблетка 75 мгқаптама844
10Бисопролол, таблеткаларқаптама832
11Бронхо-Мунал®, капсулы 7 мгқаптама692
12Гроприносин, таблеткалар 500 мгқаптама88
13Ибупрофен, таблеткалар 200 мгқаптама5 780
14Ингавирин, капсулы 90 мгқаптама304
15Лидокаина гидрохлорид, инъекция үшін ерітіндіқаптама8 508
16Медициналық маска 3 қабатты бір реттікдана148 662
17Медициналық респиратордана1 533
18Метамизол натрия, таблеткалар 500 мгқаптама1 800
19Метронидазол, инфузия үшін ерітіндіқаптама2 548
20Натрия хлорид, инъекция үшін ерітіндіқаптама20 392
21Оксолин жақпамайытуба13 860
22Осельтамивир, капсулалар 75 мг (саудалық: Инфлувир, Флувир, Номидес, Тамифлю)қаптама4
23Парацетамол, таблетка 500 мгқаптама23 344
24Прокаина гидрохлорид, инъекция үшін ерітіндіқаптама1 148
25Сынаптық, электрондық, контактсыз термометрлердана136
26Умифеновир, таблеткалар 50 мг (саудалық: Арбидол, Арпефлю)қаптама120
27Цефазолин, флаконда 1,0 г-нанфлакон67 504
28Цефтриаксон, флаконда 1,0 г-нанфлакон37 536
29Ципрофлоксацин, таблеткалар 500 мгқаптама640
30Эргоферон, таблеткаларқаптама1 280

Халық тарапынан жоғары сұранысқа байланысты аталған дәрілік заттар тез өткізілуде.

Қазақстан Республикасында дәрі­лік заттардың 7 463 атауы тір­келген, олардың 77% дәрігердің рецеп­тісі арқылы босатылады. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сәйкес, дәрігердің рецепті бойынша босатуға арналған дәрілік заттарды рецептсіз өткізуге тыйым салынады.

Департамент өздігінен емделу­мен айналыспауға, дәрігердің та­ғайын­дауынсыз дәрілік заттарды қабылдамауға шақырады. Анти­биотиктерді тиімсіз пайдалану аурудың асқыну қаупі мен жанама әсерлері, ағзаның қандай да бір препаратқа сезімталдығы, аллергиялық реакциялар, бронх демікпесінің ауыр түрлері және т.б. себептері болуы мүмкін. Сондай-ақ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, барлық уланулардың ішінде дәрілік заттардан улану екінші орында.

Қызылорда облысының дәріхана­ларында дәрілік заттар бекітілген шекті бағасынан асып кеткен жағдайда, сон­дай-ақ дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласындағы барлық мәселелер бойынша департаментке жүгінуге болады (мекенжайы: Бектұрғанов көшесі, 10А, телефоны 23-82-92). Дәрілік заттардың белгіленген шекті бағаларын арттырғаны үшін ҚР 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V ҚРЗ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 426-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Департамент халықты үрейленбеуге және дәріханаларда дәрілік заттарды жаппай сатып алмауға шақырады. Маскалық режимді, әлеуметтік қашық­тықты сақтау, қолды жиі жуу, анти­септиктерді қолдану және мүмкін­дігінше байланыстарды шектеу керек.

Денсаулығына шағымдар болған жағдайда өз еркімен ем қабылдамау қажет және емдеуші дәрігерге жүгіну керек!

Ғалия БАЙМЕНОВА,

облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау

департаментінің басшысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<