Ең дұрысы – екпе алу

1795

0

1 ақпаннан бастап екпенің алғашқы 1000 дозасы өңірге жеткізіліп, алғашқы кезеңде ол медицина саласының қызметкерлеріне, педагогтар мен полиция қызметкерлеріне салынды.

Деректерге сүйенсек, бү­гінге дейін коронавирус ин­фекциясына қарсы ек­пе­нің І компоненті 7119 адамға, ІІ компоненті 2623 адам­ға егілген. Бұл туралы облыстық

денсаулық сақтау бас­қар­ма­сы­ның басшысы Сәбит Па­зылов өңірлік коммуника­ция­­лар қызметінде өткен бри­фингте хабарлады.

Басқарма басшысының ай­­ту­ын­ша, вакцинациялау №1, 3, 4, 5, 6 қалалық ем­ха­­на­­ларда және барлық аудан­дарда, сонымен қатар Бай­қоңыр қаласында жүр­гі­­зілуде. Ол үшін алғашқы ме­дициналық-санитарлық кө­мек мекемелерінде 14 егу каби­неті дайындалған.

– Өңірге 1 сәуір күні қо­сымша вакцинаның тағы 12000 дозасы келді, екпе жұ­­мыстары жалғасуда. Айта кету керек, вакцина тасымалдауда қажетті ұстаным бар. Барлық екпе талапқа сай, температуралық режимді қа­дағалайтын арнайы көлікпен жеткізілуде. Инфекцияға қар­сы егу Денсаулық сақтау ми­нистрлігінің бастамасымен «Спутник V» ресейлік вак­цинасының кепілдік берілген көлемін бөлу жөніндегі келісім негізінде және ерікті түрде жүргізілуде, – деді Сәбит Пазылов.

Жиында денсаулық сақ­тау саласының ардагері Тұр­ғанбай Маханов қазір екпені ем дейтіндер мен пайдасы кем дейтіндердің таласы тоқ­тамағанын, алайда алдын алу шараларына бейжай қа­рауға болмайтынын еске салды. Індеттің алдын ке­суде қы­рағылық танытып, тұр­ғын­дар­ды сақтық талаптарын ат­тамауға шақырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<