Коронавирус: Атыраудан келген азаматтардан ауру анықталды

1164

0

Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 260-қа жетті. Ал сауығып шыққандар саны -216. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.


«Жаңадан 5 дерек тіркелді. Оның екеуі – Қазалы ауданынан. Олар Атырау облысынан келген вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлердің арасынан анықталды. Ал үшеуі- Қызылорда қаласынан. Науқастардың барлығы індет жұқтырғандармен байланыста болған. Қазіргі таңда жағдайлары бірқалыпты , емдерін алуда», – деді Жақсылық Әбілқасымұлы.


Сондай-ақ, індет жұқтырғандармен байланыста болған– 3582 азамат анықталды. Оның ішінде, 1990-ы жақын қарым-қатынаста, 1592-сі жанама байланыста болған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<