Коронавирус: Ресейде жаңа антирекорд тіркелді

452

0

Еуропада коронавирус бойынша қаупі жоғары мемлекеттер тізімі толығу үстінде. Ресейде жаңа антирекорд тіркелді. Бұл туралы Қазақстанда COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналында мәлім етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еуропа коронавирус қаупі жоғары елдер тізімін толықтыруда. Германия Румыния мен Литваны COVID-19 бойынша қауіпті елдер деп жариялады. Бүгінгі күнге дейін ЕО елдері арасында «қызыл» аймаққа Словения жатқызылып келген еді. Роберт Кох институты Беларусьты да жоғары қауіпті аймақтар қатарына қосты. Бұл елдерге кіретін азаматтар Германияға вакцинация сертификатынсыз немесе КВИ-ден айықпаған күйі оралған жағдайда, 10 күндік карантинге жіберіледі. Карантиннен бесінші күні ғана теріс тест нәтижесімен шыға алады. Жалпы, бүкіл әлем бойынша жоғары тәуекел тізіміне 70-ке жуық ел енгізілген.

Ресей Федерациясында коронавирусқа шалдығу және өлім-жітім күрт артты. Ресми мәліметтерге сәйкес, өткен тәулікте 26 мыңға жуық адамға COVID-19 диагнозы қойылды, 890 пациент қайтыс болды – бұл жаңа антирекорд. Осыған байланысты Ресей өңірлері жаңа шектеулер енгізуде. Мысалы, Уфа мен Пермь өлкесінде QR-кодтар жүйесі қайтадан іске қосылады. Псковта барлық спорттық және діни шаралар тоқтатылды, 65 жастан асқан адамдар үшін өзін-өзі оқшаулау міндетті болып табылады. Ханты-Мансийск автономиялық округінде және Ростов облысында бюджеттік қызметкерлер қашықтан жұмыс жасау форматына ауыстырылады.