Коронавирустан айықтым!

663

0

Ақ халатты абзал жандардың еңбектеріне мыңда бір рахмет!

Мен шілде айында дене қызуы, жөтел, ауа жетпей ентігу, әлсіздік белгілерімен Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына түскен едім. Ол жерге барысымен өкпемді рентгенге түсірді.
Алғашқы күні қатты әлсіздік байқалды. Дәрігерлер мен мейірбикелер оттегіні үзбей, керекті дәрі-дәрмекті беріп бақылауда ұстады.

Шүкір, күннен күнге сатурация көрсеткіші көтеріле берді. Бірнеше күн өткен соң денсаулығымның жақсарғаны, кешегі күннен бүгінгі күнім жақсы бола бастағаны өзіме сезіле бастады. Шүкір, қазір үйге шықтым.

Осындай ел басына түскен қиын-қыстау кезеңде адам өмірі үшін күресіп жүрген ақ халатты абзал жандарға дәрігер Нұрабаева Гүлзинат Нұрланқызы, мейірбикелер – Сүйінова Индира, Искакова Аягөз, Искакова Гулназ, Искакова Дариха, Үзақова Динара, Нұрһожаева Бағдат, Сейтжаппарова Меңсұлу, Тажиева Аманат, Жұматаева Серіккул, Рахым Жазира және кіші медицина қызметкерлері – Сақтағанова Гүлнар, Оразмаханова Гүлжазира, Алтынбекова Гүлмира, Базарова Алия, Досағанбетова Айгүл, Кобеева Жанат, Артиканова Орынкүл, Ержігітова Бақытжамалға өз атымнан шексіз алғысымды білдіремін!

Сонымен қатар, оттегі әкелген Бақытжан Молдашев, Нұрлан Ибрай, Асыл Ибраймов, Есен Рысбаев, Сұлтанбек Убайдулла, Самат Алтынбаев, Абдуали Жүсіпов, Фарзу Бейменовке рахметімді айтқым келеді.

Өз міндеттерін мүлтіксіз атқарып жатқан дәрігерлерімізді Алла қателестірмесін! Әрдайым ел ризашылығына бөленіп, ауырмай-сырқамай жүре берсін!

Қуаныш, сәттілік, табыс, мықты денсаулық тілеймін. Жүректеріңізде әрдайым мейірім оты сөнбесін!

Ізгі ниетпен, емделуші З. есімді азаматша.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<