Өз ісінің білікті маманы

4

0

Облыс орталығындағы №3 қалалық емхананың жоғары санатты дәрігер-зертханашысы Бақыткүл Сейтмамбетова – дәрігерлер отбасының мүшесі.

Қазалы ауданының тумасы Бақыткүл Қалмырзақызы дүниеге келген үлкен әулеттегі алты ағайындының бесеуі  дәрігер, отбасында рентгенолог, пульмонолог, лаборант,  акушер-гинеколог, терапевт мамандар бар. Екеуі Қызылорда және Ақтөбе  медициналық жоғары колледждерінде оқытушы болып, орта буын мамандарын даярлау ісіне үлес қосуда.

Бақыткүл Қалмырзақызы 1989 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын (қазіргі уақытта М.Оспанов атындағы ме­дицина университеті) бітірген. Қызыл­ор­да облыстық ауруханасының гастро­эн­­теро­логия бөлімшесінде терапия ма­ман­­дығы бойынша интернату­радан өт­кен. Сол кез­дері облыста дәрігер-ла­бо­рант маман­дар­дың жетіспеу­шілігіне байла­нысты 1990 жы­лы облыстық ауруха­наның клини­ка­лық-диагности­калық зерт­ха­насы­ның дәрі­гер-лаборанты қыз­метіне қабыл­­данып, ең­бек жолын бастап кеткен. 

Науқасқа диагноз қоюда зертханалық зерттеулердің маңызды ролін те­рең тү­сініп, бірнеше рет республика, ТМД кө­лемінде білімін жетілдіріп, үнемі ізде­ністе болды, жаңалықтар енгізіп, облыс­тың зертхана саласының дамуына өзіндік үлес қосты.

1995 жылы облыстық кеңес беру-диаг­­ностикалық орталығы зертхана бө­лім­­шесінің меңгерушісі қызметіне таға­йындалды. Алты зертхана бөлімінің жұ­мы­сын жүргізді, облыс көлемінде алғаш­қы радиоиммунологиялық зертхана бөлі­мінің ашылуына  септігін тигізді.  Осы мекемеде 25 жыл еңбек етті, сонымен қатар об­лыстық денсаулық сақтау басқар­масында зертхана саласы бойынша штат­тан тыс бас маман қызметін қоса атқарды. 

2014-2016 жылдар аралығында қала­лық ауруханада, 2016 жылдан бері №3 қалалық емханада зертхана бөлімінің мең­герушісі қызметін абыроймен атқарып келеді. Осы бөлімде қазіргі уақытта 2 дәрігер, 6 орта буын зертханашы жұмыс істейді. Жұмыс орны соңғы үлгідегі ав­то­маттандырылған гематологиялық, био­химиялық, иммунологиялық заманауи ана­лизаторлармен жабдықталған. Күніне 120-180   зерттеу жүргізіледі.

Өз ісінің білікті маманы Бақыткүл Се­йтмамбетова білім-біліктілігінің, мол тәжірибесінің, үнемі ізденісте болып, жа­ңашылдыққа ұмтылуының  арқасында облыста зертхана саласының дамуына үлес қосып келеді. Бас маман ретінде  бар­лық ауданмен тығыз байланыста болып, әріптестеріне тәжірибелік-әдісте­мелік көмек көрсетуде, орта буын зертха­нашыларды дайындау, білімін жетілдіру ісіне де терең үңіліп, түрлі курстар, се­минар оқулар, конференция, «Үздік зерт­ханашы» сайыстарын ұйымдастыруға кө­ңіл бөледі. Кәсібіне адал,  білікті маман көр­ген-білгенін жастарға  үйретуден жа­лық­қан емес. Сол қасиетімен де орта­сына сыйлы.

Саналы ғұмырын денсаулық сақтау саласының дамуына арнаған жанның ең­бегі ескерусіз  қалмайды. Бақыткүл Қал­мырзақызы 2006 жылы «Үздік дәрігер» но­ми­нациясын иеленсе, 2009 жылы «ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі», 2020 жылы «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен марапатталды. Бі­лікті дәрігердің еңбек жолы жастарға үлгі-өнеге. 

Айнұр БАТТАЛОВА,

«Сыр бойы»