Өз ісінің үздігі марапатталды

930

0

Дәрігер мамандығы адамға деген үлкен қамқорлық, қайырымдылық, ізгі ниет пен адамгершілікті талап ететіні сөзсіз. Осы талапқа сай, көптің алғысына бөленген ақ халатты абзал жанның бірі – №3 қалалық емханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Ләйлә Ахмет.

Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы дәрігер мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, құрметтеген. Бүгінгі таңда қазақстандықтардың денсаулығын жақсарту – еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі. Елімізде денсаулық саласын дамыту, тұрғындарға заман талабына сай, қолжетімді әрі сапалы медициналық қызмет көрсету жолында бар мүмкіндіктер жасалуда. Осындай жауапты қызметте ұзақ жылдардан бері еңбек етіп келе жатқан дәрігердің кәсіби мереке қарсаңында мерейі үстем болды. Ләйлә Кенжебайқызы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

 Ахмет Ләйлә Кенжебайқызы 1969 жылы Қызылорда облысы, Арал ауданында дүниеге келген. 1992 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының «Емдеу ісі» факультетін бітірген. 1992 – 1993 жылдар аралығында Қызылорда қалалық ауруханасында интернатурадан өткен.  Еңбек жолын 1993 жылы Қызылорда қалалық №1 емханасында аймақтық терапевт дәрігері қызметінен бастаған. Жұмыс жасау барысында Қазалы аудандық емханасында аймақтық терапевт, кардиолог дәрігері, Қазалы аудандық психоневрологиялық интернатының директорының орынбасары, Қазалы ауданының «Жалаңтөс» дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері, «Болат жолы» ауылдық емханасының бөлім меңгерушісі, Қазалы аудандық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары, Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы, бастапқы медициналық санитарлық қөмек көрсету бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған. 2017 жылдың мамыр айынан бастап емхананың алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі  қызметін атқарды. 

Жоғарғы санатты денсаулық сақтауды ұйымдастырушы дәрігердің еңбек өтілі 27 жылдан асады.  

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының, аудан, облыс әкімдерінің Алғыс хатымен, ҚР денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамотасымен, «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық, қалалық филиалдарының Құрмет грамотасымен марапатталған.  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<