Қазақстан аумағына дәрі-дәрмекті әкелу тәртібі жеделдетілді

672

0

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстан аумағына дәрі-дәрмек заттарын әкелу процедурасы жеделдетілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біріншіден, Қазақстан Республикасының аумағына дәрі-дәрмек заттарын әкелу үрдісін жеделдету жұмысын жоспарлаған едік. Қазір бұл нормативтік құжаттарға қол қойылды. Дәрі-дәрмек бүгінде жеңілдетілген тәртіппен қоймалардан бөлшектік компанияларға түсе бастады. Алдағы уақытта ол дәрі-дәрмектер дәріханаларға түседі. Яғни бұған дейінгі кедергіні еңсердік. Қысқа уақыттың ішінде керекті препараттар нарыққа түседі», – деді министр бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<