Қазақстанда коронавирусты жаңа дәрімен емдей бастайды

852

0

Қазақстанда стационарда коронавирусты емдеу хаттамасы кеңейтілді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі

«Стационарлық буын деңгейінде емдеу сызбасын кеңейттік. Клиникалық хаттамаға жаңа препарат – фавипиравирді қостық. Олар көрші елдерде, еуропалық өңірде, Жапонияда кеңінен қолданылады. Препарат таяу уақыттың ішінде пациенттерді стационарлық емдеу үшін жеткізіледі. Ол коронавирус инфекциясының ауыр түріне шалдыққандарды емдеуге ғана қолданылады», – деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, жақын арада Қазақстан аталған препаратты өзі шығара бастап, ішкі қажеттілікті қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

«Мұнан бөлек, шетелдік әріптестерімізбен бірге коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны апробациялау бойынша клиникалық зерттеу аяқталуға жақын», – деді ол.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<