Қызылорда облысында карантин жеңілдетілді

725

0

Облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Динара Жаңабергенованың жаңа қаулысы шықты.

Басты жаңалық – ауылдық жерлерде жұма намазын оқуға рұқсат берілді. Бірақ адам саны 150-ден аспауы қажет. Ал басқа мешіттерде жұма намазынан басқа ұжымдық құлшылық етуге болады. Мешіттің толымдылығы 30 пайыздан аспауы тиіс.

Сондай-ақ, білім беру ұйымдарындағы асхана қызметіне рұқсат берілді.

– Білім беру ұйымдарындағы контингенті 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық дәстүрлі форматта оқитын мектептер, 1-ден 5-ші сыныпты қоса алғанда, оқу бітіретін 9, 11 (12) сыныптардағы оқушылар, колледждер мен жоғары оқу орындарының І курс студенттері үшін қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне рұқсат етілді. Басты талап – тамақтану орнында келушілер саны 30 пайыздан аспауы тиіс. Арақашықтық сақтау, бетперде тағу талап етіледі, – деді Д.Жаңабергенова.

Қазір облыс «жасыл» аймақта. Карантин талаптары кезең-кезеңімен жеңілдетілуде. Арнайы құрылған мониторингтік топ карантин талаптарын бақылауды жалғастыра береді.

Айта кетейік, жаңа қаулының толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<