Қызылордада карантин талаптары күшейтілуі мүмкін

685

0

Облыста коронавирус инфекциясын жұқтырушылардың саны азаймай отыр. Салдарынан «сары аймаққа» енді. Сәуір айының алғашқы жеті күнінде 201 жағдай тіркелді. Көрсеткіш төмендемесе, карантин талаптары күшейтіледі.

Соңғы тәулікте коронавирус инфекциясы бойынша 22 жағдай тіркелді. Оның 77 пайызы қарым-қатынас арқылы жұқтырғандар.

– Бізді 1 жасқа дейінгі сәбилер мен мектеп жасындағы балалардың ауру жұқтыруы алаңдатуда. Аудандарда да жағдай күрделеніп барады. Бұл сақтық шарасына салғырттық танытып жүргендіктің салдары. Осылай жалғаса берсе карантин талаптарын күшейтуге мәжбүр боламыз, – деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департамент басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова.

Бүгінде мониторингтік топтар карантин талаптарының сақталуын қадағалау мақсатында күн сайын тексеріс жүргізуде. Аталмыш жұмыстар аясында мыңнан аса нысан мен үйлер араланып, карантин талаптарын бұзғандарға әкімшілік шара қолданылуда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз