Ресейде коронавирусқа қарсы үшінші препарат мақұлданды

554

0

Ресейде коронавирусқа қарсы үшінші препарат – «Коронавир» мақұлданды, – деп хабарлайды РИА Новости.

Дереккөз мәліметінше, осыған дейін «Авифавир» мен «Арепливир» дәрілері мақұлданған.

«Коронавирді тек стационар жағдайында ғана қолдануға болады. Дәрі жүктілік және оны жоспарлау кезінде, емізу кезінде, сондай-ақ ауыр бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі бар адамдарға ішуге болмайды. Препаратты 18 жасқа дейінгі адамдарға да қолдануға болмайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<