Ревакцинациядан бас тартқандарға шектеу қолданыла ма – министрлік жауабы

549

0

Ревакцинациядан бас тартқандарға шектеу қолданыла ма? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Денсаулық сақта уминистрлігінің өкілдеріне осындай сауал қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл сұраққа Денсаулық сақтау министрінің орынбасары-ҚР Бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов жауап берді.

«Ревакцинацияны вакцинаның үшінші дозасын алу деп атауға болады. Яғни, вакцинаның екі компонентін алып қойған азаматтарға бүгінде ревакцинанциядан өтпегені үшін қандай да бір қосымша шектеулер қарастырылып жатқан жоқ. Бұл мәселелерді әзірге қарап та жатқан жоқпыз. Бұл жерде айта кететін дүние, ревакцинация процедурасының өзі көп жағдайда алдын ала белгіленген топтар арасында өтеді.

Олардың кімдер екенін бағана да айттық. Яғни, бұл санатқа халықтың денсаулығы осал топтары жатады. Сондай-ақ, ағзадағы антидененің талдауы теріс нәтиже көрсеткен адамдар ерікті түрде ревакцинацияға келе алады», – деді Ерлан Қиясов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<