Туберкулез ауруының алдын алу

1330

0

Туберкулез көбіне тыныс алу мүшелерін (ең бастысы өкпе мен бронхты) зақымдайды, бірақ басқа да мүшелерді зақымдауы мүмкін. Мысалы, сүйектер мен бұлшық  еттер. Осы айырмашылықтарына қарай туберкулездің екі негізгі түрі бар: өкпе туберкулезі және өкпеден тыс туберкулез. Өкпе туберкулезі ұзақ уақыт бойы симптомсыз өтеді және флюорография немесе кеуде жасушасын рентген суретіне түсірген кезде анықталады.

Халық үшін негізгі қауіп өкпе туберкулезі, өйткені ауруды тарату жолы – ауа. Дені сау адам туберкулезбен ауыратын науқас жөтелгенде, түшкіргенде және онымен сөйлескен кезде жұқтыра алады.     

   Туберкулездің ашық түрімен ауыратын бір науқас 24 сағат ішінде он миллиард бактерия бөледі, жөтелген кезде ауа арқылы таралады және қоршаған ортаға жұқтырады.           

         Сырдария ауданы бойынша биылғы жылдың   жеті айында  туберкулез ауруының  14 жаңа жағдайы  тіркеліп,  100 мың халыққа шаққандағы аурушаңдық көрсеткіш –36,0 құрады,   оның ішінде өкпе туберкулезі- 12, жасөспірімдер арасынан-2 жағдай,   туберкулездің  өзге түрінен -2жағдай тіркеліп отыр. Науқас биылғы жылға 2 жағдайға көбейіп отыр. 

        Былтырғы 2019жылдың жеті айымен салыстыратын болсақ, туберкулез ауруының 12 жаңа жағдайы  тіркеліп,  100 мың халыққа шаққандағы аурушаңдық көрсеткіш –30,7 пайызды құрады,   оның ішінде өкпе туберкулезі- 12.        

Ұ.Нұрбаева

Сырдария аудандық  ТКҚСҚББ

санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің

жетекші маманы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<