«Үздік облыстық аурухана»

691

0

Денсаулық сақтау министрлігі жылды қорытындылап, үздіктерді анықтады. Елордада «Дені сау ұлт» медициналық самиті аясында өткен «Altyn shipager» дәстүрлі медициналық жүлдесінде Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының Көп бейінді облыстық ауруханасы «Үздік облыстық аурухана» номинациясы бойынша «Altyn shipager» жүлдесінің финалисті атанды.
Бүгін денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазылов аурухана ұжымымен кездесіп, марапатты табыстады.

− Құрметті әріптестер, баршаңызды медицина қызметкерлері күнімен құттықтаймын! Еліміздің дәстүрлі медициналық «Altyn shipager» жүлдесін алу үлкен жетістік. Көп бейінді облыстық ауруханасы «Үздік облыстық аурухана» номинациясын иеленді. Бұл баршаңыздың қажырлы, жедел әрі сапалы мамандандырылған медициналық көмек көрсете білген еңбектеріңіздің жемісі. Марапат құтты болсын!− деді аймақтың бас дәрігері.
Мұнан соң сөз алған аурухана директоры, облыстық мәслихат депутаты Нұриддин Амитов ұжымдастарын құттықтап, әрі қарайда жемісті еңбек етуге шақырды.

Гүлбану Мақажан,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<