Геннадий Головкин Лас-Вегасқа барды

684

0

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Сауль «Канело» Альваресқа қарсы жекпе-жекке финалдық дайындық үшін Лас-Вегасқа жол тартты. Бұл жайлы ол өзінің Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жекпе-жек аптасына дайынбыз», деп жазды Головкин.

Еске сала кетсек, үшінші жекпе-жек 17 қыркүйекте Лас-Вегас қаласында өтеді. Көптен күткен дүбірлі додада IBF, WBC, WBA Super және WBO нұсқалары бойынша абсолютті чемпион атағы сарапқа салынады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<