Головкин мен Канело арасындағы үшінші жекпе-жектің өтетін күні мен орны жарияланды

868

0

Промоутер Эдди Хирн Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварес арасында биылғы қыркүйекте өтетін үшінші жекпе-жектің бастапқы жоспарын растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Matchroom Boxing төрағасы Эдди Хирн Канело-Бивол жекпе-жегінің промоушны барысында Лас-Вегас қаласының Канело Альварес пен Геннадий Головкин арасындағы үшінші және соңғы жекпе-жекті өткізуге «сөзсіз фаворит» екенін айтты. Оның айтуынша, болжамды күн – 17 қыркүйек, бірақ әлі толық шешім шыққан жоқ», – деп хабарлайды Las Vegas Review Journal тілшісі Сэм Гордон.

Еске сала кетсек, GGG мен Канело арасындағы алғашқы екі жекпе-жек те Лас-Вегастың T-Mobile аренасында өтті. Олардың нәтижесі тең есеп және төрешілердің көпшілік шешімімен Альварестің жеңісімен аяқталған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<