«Канело» бесінші допинг-сынамасынан өтті ме?

409

0

Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварестің орта салмақтағы WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен өткізетін кездесуі алдындағы бесінші допинг-сынамасының қорытындысы белгілі болды. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Еске салайық, «Канелоның» бірінші допинг-сынамасының оң нәтижесін берген туралы ақпарат 6 наурыз күні шықты. Альварестің допинг-сынамасынан кленбутеролдың болмашы мөлшері табылғаны белгілі болған еді. Бұл препарат адамға бұлшықет массасын өсіруге және майды жоюға көмектеседі. 9 наурыз күні мексикалық боксшының тағы екі допинг-сынамасының қорытындысы шығып, оның нәтижесінде боксшының қанына кленбутерол және басқа дәрумендер табылмаған болатын. «Golden Boy Promotions» промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гоместің айтуынша, Альварес 9 наурыз күні тағы бір допинг-тестін тапсырыпты. Бірақ, бұл жолы Сан-Диего қаласында. Оның қорытындысы сейсенбі күні шығып, ешқандай дәрумен табылмаған. Екі боксшының допинг-сынақтарын VADA (Допингке ерікті түрде тексерілу ассоциациясы) тексеріп отырады. Боксшылар бұл сынақтан Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) «Таза бокс» бағдарламасы аясында тапсырып отырады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<