Қамшыбек Қоңқабаев сыралғы қарсыласы Баходир Жалоловтан тағы жеңілді

530

0

Фото: olympic.kz

Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық боксшы аса ауыр салмақта өзінің сыралғы қарсыласы, олимпиада чемпионы, өзбекстандық Баходир Жалоловпен қолғап түйістірді.

Тартысты өткен жекпе-жекте өзбекстандық боксшы 4:0 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Азия ойындарында қазақстандық боксшыларға алтын бұйырмады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<