Қызылордалық волейболшылар чемпион атанды

833

0

Түркістанда волейболдан 2008-2009 жылдары дүниеге келген жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының көктемгі чемпионаты өтті.
Ел чемпионатында жерлестеріміз өздерінің мықтылығын дəлелдеп, он екі команданың арасынан көш бастады.
Қызылордалық волейболшылар финалда Ақтөбе командасымен кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Екінші орынды Ақтөбе облысы волейболшылары алса, үшінші орынға Нұр-Сұлтан қаласының командасы ие болды.
Қызылордалық волейболшылар Ержігіт Айбекұлы, Мұсахан Шаптай және Сұлтан Төрехан жарыстың «Үздік ойыншылары» атанды.


Волейболдан жасөспірімдер арасында облыстың аға жаттықтырушысы Болат Рысмахановтың айтуынша, пандемия салдарынан жазғы, күзгі, қысқы чемпионаттар өткізілмеді. Осы жас ерекшелігі бойынша команда жарысқа алғашқы рет қатысып, Қазақстан жеңімпазы атанды.


Енді құрама команда мамыр айында Орал қаласында өтетін Қазақстан Республикасының V Жастар спорт ойындарында бақ сынайды.
Команданы жарысқа Батырқожа Бабаев пен Самат Сопбеков дайындады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<