Таэквондодан ашық біріншілік өтті

754

0

Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай таэквондодан жасөспірімдер мен кадеттер және балалар арасында қалалық ашық біріншілік өткізілді.

Аталмыш ашық біріншілікке 150-ге жуық спортшы қатысып, өзара жеңімпаздарын анықтады.

Жарыс жеңімпаздары қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің мадақтама грамоталары және медальдарымен марапатталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<