Волейболдан аудандық ашық біріншілік

1188

0

Жосалы кентінде О.Шораяқұлы атындағы №30 орта мектебінің спорт залында Қазақстан Республикасының «Құрметті спорт қайраткері», ардагер ұстаз Атабаев Еркін Оразбекұлының жүлдесіне арналған волейболдан қыздар арасындағы аудандық ашық турнир өз мәресіне жетті.

Спорттық шараның негізгі мақсаты: Аудан тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған шараларды ұйымдастыру, ауданда волейбол ойынын кең көлемде дамыту, аудан жастарын дене шынықтыру және спортпен айналысуға тартып, волейбол ойыны негізінде олардың денсаулығын нығайту болып табылады.

Аудандық ашық біріншілікке Байқоңыр қаласы, Жаңақорған ауданы, Шиелі ауданы, Сырдария ауданы, Жалағаш ауданы, Қазалы ауданы, Арал ауданы, Қармақшы ауданынан 15 команда 150-ге жуық жасөспірім қатысты.

Нәтижесінде ІІІ орынды Сырдария ауданы, ІІ орынды Жаңақорған ауданы, І орынды Шиелі ауданы өзара бөлісті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<