Экономиканы қаржыландырудың нарықтық қағидаттарын енгізу жалғасады – Ұлттық банк

771

0

Экономиканы қаржыландырудың нарықтық қағидаттарын енгізу жалғасады. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Экономиканы дағдарысқа дейінгі деңгейге дейін қалпына келтіру міндетін орындаған экономиканы қолдаудың 5 бағдарламасын іске асыруды аяқтау инфляциялық қысымды төмендетудің қосымша қадамы болды. Ақша-кредит саясатының стратегиясына сәйкес, Ұлттық банк экономиканы қаржыландырудың нарықтық қағидаттарын енгізуді жалғастырады. Макроэкономикалық саясатты үйлестіру туралы келісімде белгіленген мемлекеттік қолдаудың нарықтық емес құралдарынан біртіндеп шығу бойынша Үкімет тарапынан 5 жылдық жол картасын қабылдау маңызды болып саналады», – деді Ғалымжан Пірматов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<