Ресейге салынған санкциялар Қазақстан мұнайына әсер етпейді

5872

0

Ресейге салынып жатқан санкциялардың Каспий құбыр консорциумы арқылы экспортталатын басқа елдердің мұнайына қатысы жоқ. Америка Құрама Шттатарының Қаржы министрлігі осындай мәлімет таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Каспий құбыр консорциумы сияқты тарату жүйелері шикі мұнайды түрлі көздерге бөліп тарата алады. Яғни, Ресейден тыс өндірілген шикі мұнай жеке сатылып, тиелуі керек. 8 наурыздағы АҚШ-қа белгілі бір тауарларларды импорттауға салынған тыйым Ресей Федерациясында өндірілгендерге ғана қатысты. Яғни, Ресейден тыс өндірілген тауарлар тіпті транзит бойынша Ресей Федерациясының аумағы арқылы тасымалданған күннің өзінде немесе Ресейден тасымалданған күннің өзінде бұл тыйымға кірмейді», деп жазылған АҚШ Қаржы министрлігінің сәрсенбідегі мәлімдемесінде.

Еске салсақ, АҚШ Президент әкімшілігі ресейлік энергия тасымалдаушылардың импортына тыйым салған болатын. Ол тыйымға Ресей мұнайы мен газы, көмірі кірді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<