Төрт айда тәп-тәуір өсім бар

1118

0

Кеше облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша жиын өтті. Онда облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Нұрғали Қордабай осы жылдың 4 айында қалыптасқан көрсеткіштер туралы баяндады.

2021 жылдың қаңтар-сәуір айларында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарында 214,6 млрд теңгенің өнімі өндірілген.

Тамақ өнімдерін өндіру 2,8%-ке, кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру 5,2%-ке, химия өнеркәсібінің өнімдерін өндіру 4,7%-ке жеңіл өнеркәсіп 8,6%-ке, өзге де бейметалл минералдық өнімдерді өндіру 2,9%, жиһаз өндіру 45,7%-ке, машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату 10,2%-ке артуы есебінен өңдеу өнеркәсібінде өсім 12,6 процент қамтамасыз етілді (51,3 млрд теңгенің өнімі өндірілді).

Есепті кезеңде өңір эконо­микасына 55,7 млрд теңге инвес­тиция салынған. Бұл 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6,1 процентке артық көрсеткіш.

11,2 млрд теңгеге құрылыс жұмыстары орындалды немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне 157,9 процент құрады.

155,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, (113,5%) өсім қалыптасып отыр.

Ауыл шаруашылығында жал­пы өнім көлемі 18,2 млрд теңгені құрап,  2020 жылдың сәйкес кезеңіне 2,7 процент өсім қамтамасыз етілген.

2021 жылдың 1 мамырына 12 114 жаңа жұмыс орны құрылса, оның 3348-і тұрақты жұмыс орындары.

Биыл индустрияландыру бағдар­ламасы аясында облыста жалпы құны 48,5 млрд теңгені құ­райтын, 506 жұмыс орны құры­латын 4 жобаны іске асыру жос­парлануда, олар: «Табақша шыны шығару және өңдеу зауыты құрылысы»  («Orda Glass ltd» ЖШС), «Қуаттылығы жылына 1500 тонна құс етін өндіру» («Қар­мақшы құс» ЖШС), «Ас тұзын өндіру» («Аралтұз» АҚ), «Түйе сүтінен құрғақ ұнтақ шы­ғару өндірісі» («Qazaq Qamel» ЖШС).

Сонымен қатар, 2021 жылға арналған облыс әкімінің іс-қимыл жоспарына ай сайын тұрақты мониторинг жасалуда. Ол негізгі 6 бөлімнен тұрады, атап айтқанда: макроэкономикалық тұрақтылықты сақтау, қолайлы бизнес ахуалды қамтамасыз ету, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, адами капи­талды дамыту, көлік және тұрғын үй-коммуналдық инфра­құрылымын дамыту, бюджеттік саясат.

Облыс әкімі әлеуметтік-эко­номикалық даму көрсеткіштері тұрғындардың өмір сүру сапа­сына әсер ететінін атап өтіп, атқарылатын жұмыстарды бақы­лауда ұстауды тапсырды. Соны­мен қатар, бюджеттен бөлінген қаржы мақсатты жұмсалып, уақытылы игерілу қажет екенін ескертті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<