Хабарландыру

1136

0

Қазіргі таңда пандемиядан кейінгі жеңілдік шаралары ішкі туризмнің дамуына серпін беріп, отандық туристік нысандарға турлар ұйымдастыру жұмыстары кең ауқымда қолға алынып жатыр. Сондай-ақ, ішкі бағыттардың дамуына үлес қосқан туризм нысандарының бірі – Байқоңыр қаласында іске қосылған «Байқоңыр» ғарыш айлағы халықаралық дәрежеде танымалдылыққа ие болуда.

Осыған орай, ағымдағы жылдың 27-28 қазан күндері Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының ұйымдастыруымен облыс көлемінде «Қазақстан – ғарышқа жол» атты отандық турфирмалар мен БАҚ өкілдеріне арналған ақпараттық тур өткізілетіндігін хабарлайды.

Шараның басты мақсаты – Қызылорда облысының туристік әлеуетін республикалық нарықтағы танымалдылық деңгейін арттыру және туристік дестинацияны одан әрі ілгерілету болып табылады.

Аталған шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті, «KazakhTourism» ҰК» АҚ, туризм саласына жетекшілік ететін облыстық басқармалардың басшылары мен орынбасарлары, отандық туркомпаниялар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады деп күтілуде.

Қызылорда облысының туризм және кәсіпкерлік басқармасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<