14 ақпанда қандай мерекелер аталып өтеді?

909

0

Бүгін – Халықаралық кітап сыйлау күні. Бұл мерекенің мақсаты – қарапайым және мейірімге толы, барлық адамзатты кітап оқуға шақыратын ерекше мейрам. Мерекенің қағидасы бойынша осы күні балаларға көбірек кітап сыйлаған абзал. Сол арқылы жас ұрпақтың кітап оқуға деген ынтасын арттыруға болады.
Мейрамның шығу тарихы да ерекше. Кітап сыйлау мерекесі 2012 жылдан бері Эмми Бродмурдың бастамасымен халықаралық деңгейде тойланып келеді. Эмми Бродмур – әлеуметтік желіні белсенді қолданушы, блогер әрі 3 баланың анасы. Бір күні ұлы анасына дәл осы күні «Неге адамдар бір біріне ешқандай себепсіз кітап сыйлайтын күн жоқ?» деген сауал қояды. Ешқандай жауап таба алмаған Эмми осы күнді кітап сыйлау күні деп белгілеп, әлеуметтік желі арқылы мерекенің танымалдылығын арттыра бастайды. Нәтижесінде әлемнің түпкір-түпкірінен бір-біріне кітап сыйлайтын жандардың қатары көбейген. Қазіргі таңда мереке халықаралық деңгейге дейін жетті. 


Бүгін – Компьютершілер күні
1946 жылы бірінші шын мәнінде жұмыс істейтін электронды ENIAC компьютері шығарылды. ENIAC компьютері практикалық мақсатта жұмыс істейді. Осы ENIAC-тан қазіргі компьютерлер есептеудің екілік жүйесін еншілеген. ENIAC-ты сол кездегі маңызды қажетті шешімін шығару үшін өндірген: әскердің кем есептейтін баллистикалық кестесі үшін. Әскерде артиллерия мен авиацияға қажеті баллистикалық кестені кем есептейтін бөлім бар. Бұл бөлімде адамдар Әскери Калькулятор лауазымында жұмыс істеді. Әрине бұл «есептеуіш қордың» қуаттылығы мен өнімділігі әскерде жеткіліксіз. Сондықтан 1943 жылдың басында кибернетиктер ENIAC компьютерінің жаңа есептеуіш құрылғысының концепциясын өңдеуге кірісті.

Бүгін – Әулие Валентин күні
Ғашық жандардың бұл мерекесі 18 ғасырдан астам уақыттан бері тойланып келеді. Дегенмен, мереке бұдан да ертеде тойланған деген болжам бар. Қазіргі таңда аталмыш мереке әлемнің көптеген елдерінде атап өтіледі.
Болжамдардың біріне сүйенсек, Әулие Валентин күнін бір кездері «Құстардың үйлену тойы» деп атаған. Дәл осы күні құстар өзінің жұбын таңдайды деп саналған. Ертеректе жастарда осы жоралғыны жасаған: бойжеткендер өз есімдерін қағазға жазып жәшікке салған, ал жәшіктен бозбалалар бір-бірлеп қағазды суырып, бір жылдық өзінің жұбын таңдаған. Кейінірек бұл дәстүрге айналған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<