Қытайда коронавирус жұқтыру қайта өршіді

367

0

Өткен сәрсенбіде құрлықтық Қытайда коронавирус жұқтырудың жергілікті 87 жаңа оқиғасы тіркелді. Бұл туралы ҚХР Денсаулық сақтау істері жөніндегі Мемлекеттік комитетінен мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Соның ішінде 44 оқиға Қытайдың солтүстігіндегі Хэйлунцзян провинциясының Хэйхэ қаласында және 20-сы Бейжіңге жақын орналасқан Шицзячжуан қаласында тіркелді. Осы аптада 10 миллионнан астам халқы бар Шицзячжуан қаласында (Хэбэй провинциясы, Солтүстік Қытай) локдаун жарияланды. Қала кімшілігі жергілікті тұрғындарды өздерін оқшаулап, коронавирусқа тест тапсыруын сұрады. Қытайда коронавирус жұқтырудың жаңа толқыны қазан айының ортасында басталып, осы уақытқа дейін ел провинциялары мен аудандарының жартысынан көбіне тарап үлгерді. Коронавирустың таралу қаупіне байланысты қараша айында Бейжіңде өтуі тиіс болған бірқатар халықаралық форум кейінге қалдырылды. ҚХР Денсаулық сақтау істері жөніндегі Мемлекеттік комиссиясының мәліметінше, 3 қарашадағы жағдай бойынша, 2020 жылдың желтоқсанында басталған жалпы вакциналау науқанының барысында Қытай дәрігерлері коронавирусқа қарсы 2,28 млрд астам екпе салған.

https://www.inform.kz/kz/kytayda-koronavirus-zhuktyru-kayta-orshidi_a3857563

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<