Аң аулаудың да өз уақыты бар

902

0

«Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ-сі Аң аулау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/157 бұйрығымен бекітілген аң аулауды өткізу мерзімдеріне Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 27 мамырдағы № 188 бұйрығымен өзгеріс енгізілгенін хабарлайды.

Сонымен қатар, Қызылорда облысы көлемінде 2022 жылғы 1 шілдеден бастап 2023 жылғы 15 ақпанды қоса алғандағы кезеңге аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін аулауды өткізу мерзімдерін назарларыңызға ұсынады.

Аң аулауды өткізу мерзiмдерi

Жануарлар түрлеріАң аулау мерзiмдерi
Су тышқан (ондатра)1 қазан – 15 ақпан
Кәдiмгi тиiн20 қазан – 15 ақпан
Қарсақ, түлкi, бұлғын, құну, сарғыш күзен, ақ қалақ, ақкiс, сары күзен, сасық күзен, американ су күзенi, кәмшат (ортаазиялықтан басқасы), сiлеусiн (түркістандықтан басқасы), жанат, қоян (ақ қоян, ор қоян)1 қараша – 15 ақпан (аң аулайтын ит түрлерімен және аушы жыртқыш құстармен қарсақ, түлкі және қоян аулау солтүстiк аймақта** 15 қазаннан бастап аулау)
Құм қоян1 қарашадан бастап – 31 қаңтарды қос алғанда
жанат тектес ит1 қыркүйектен ұйқыға жатқанға дейін
Зорман (сары тышқан)ұйқыдан шыққаннан бастап – 30 сәуiрге дейін
Суырлар*5 маусымнан бастап ұйқыға жатқанға дейін оңтүстік аймақта*** 15 маусымнан бастап ұйқыға жатқанға дейін солтүстiк аймақта**
Шалшықшылар, жылқышы1 шілдеден бастап 30 қарашаға дейін (аталық жылқышыны көктемгі аулауға 1 наурыз – 30 сәуір кезеңінде 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге рұқсат етіледі)
Бөдене, кептер, түркептер20 тамыздан бастап 30 қарашаға дейін (аң аулайтын иттермен және аушы жыртқыш құстармен 15 шілдеден бастап ұшып кеткенге дейін бөдене аулау)
Маймаққаз, қаз*, қарашақаз, үйрек*, қасқалдақАқмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары – тамыздың соңғы сенбісінен 30 қарашаға дейін Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда облыстар қыркүйектің бірінші сенбісінен бастап 15 желтоқсанға дейін. Атырау облысы – 15 қырүйектен 15 желтоқсанға дейін. Маңғыстау, Түркістан облыстары – қыркүйектің екінші сенбісінен – 31 желтоқсанға дейін (аталық үйректерді көктемгі аулауға 1 наурыз – 15 мамыр кезеңінде 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге рұқсат етіледі)
Шiл (аққұр, тундралық, сұр, далашiлi, сақалдышiл), шілқыркүйектің алғашқы сенбісінен – 30 қарашаға дейін
Құр15 қыркүйектен – 30 қарашаға дейін (аталық құрларға көктемгi аулауға 10 сәуір – 15 мамыр кезеңiнде 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзiмге рұқсат етiледi)
Қоңыраю (тянь-шаньаюынан басқа)қыркүйектің алғашқы сенбісінен – 30 қараша аталықтарымен қысыр қалған аналықтарын көктемгi аулауға 15 сәуір – 15 мамыр кезеңiнде 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзiмге рұқсат етiледi. (халықтың денсаулығы мен өміріне қатер төнген, материалдық залал келтірген жағдайда, уәкілетті органның және жерілікті атқарушы органдардың мамандандырылған ұйымдарының аң аулау мерзімдеріне қарамастан қоңыр аюды атуына жол беріледі)
Борсық15 қыркүйектен – 31 қарашаға дейін
қабан, құдырқыркүйектің алғашқы сенбісінен – 31 желтоқсан
Сібір елігі, сібір тау ешкісі, марал, аскания бұғысы, бұлан15 шілдеден аталықтарына, 15 қырк.йектен 31 желтоқсанға дейін аналық пен төлдерге
Саңырау құр1 қазан – 30 қараша аталықтарын көктемгi аулауға 10 сәуірінен – 15 мамыр кезеңiнде 15 күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмге рұқсат етіледi
Гималай ұлары, кекiлiк15 қазан – 31 желтоқсан
Құндыз15 қыркүйектен – 30 қараша
Қырғауыл15 қараша – 31 желтоқсан

Ескертпе:

      * – Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген түрлерден басқа.

      ** – солтүстік аймақ: Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары, Қарағанды облысының Осакаров, Бұқар жырау, Нұра, Қарқаралы, Абай аудандары, Шығыс Қазақстан облысының Күршім, Көкпекті, Катонқарағай, Жарма, Ұлан, Абай, Зырян, Глубокое, Шемонаиха, Бородулиха, Бесқарағай аудандары, сондай-ақ Семей және Риддер қалаларының әкімшіліктеріне бағынысты жерлер.

      *** – оңтүстік аймақ: Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары, Қарағанды облысының Жаңаарқа, Шет, Ақтоғай, Ұлытау аудандары, Шығыс Қазақстан облысының Аягөз, Тарбағатай, Зайсан, Үржар аудандары.

«Қызылорда облыстық орман

шаруашылығы және жануарлар

дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<