«Бомбикс» және «Продюсер»

695

0

Қазалылық Нұрлыбек Нұрқожаев тамшылатып суару арқылы 3,5 гектар жерге қарбыз егіп, өнімдерін аудан тұрғындарына қолжетімді бағада сатып отыр. Айта кетерлігі, алғашқы өнім шілде айының әдепкі күндерінде  піскен.

Бағбанның айтуынша,  қар­быздың «Бомбикс F1» аталатын бұл түрі 55 күнде толық пісіп-жетіледі. Дақылды тамшылатып суару осындай судың тапшылығы қатты сезіліп тұрған сәтте аса тиімді  көрінеді.  Суды үнемдеп қана қоймай, тыңайтқыш та арнайы түтік бойымен жіберіледі екен.

Нұрлыбек Нұрқожаевтың тамшылатып суаруға қажетті құрал-жабдықтарының жалпы құны 3,7 млн теңгені құрайды. Оның 2 млн теңгесін «Бизнезтің жол картасы – 2020-2025» мемлекеттік бағдарламасы арқылы алған. Бағдарлама аясында өзінің инновациялық идеясын қорғап, 2 млн теңге грант қаражатын иеленген.

Ерте піскен қарбызды аудан тұрғындарымен қатар, көршілес Арал және Қармақшы аудандарынан да келіп сатып алуда. Қарбыздың «Бомбикс F1» сорты бүгінгі таңда екінші рет өнім беріп жатса, «Продюсер» сорты жақын күндері сабағынан үзіледі.

Бақшалық басына арнайы барған аудан әкімі Мұхтар Оразбаевқа бағ­­бан топырақтың сор болуына байла­нысты бақша егетін ша­ғын шаруа­шылық иелеріне жер тегіс­тейтін техниканың аса қажет екен­ді­гін жеткізді. Аудан әкімі  бұл мәсе­лені  зерттеп, қолынан іс келетін аза­­мат­тарды қолдау қажеттігін айтты. 

Жұмабек Табынбаев,

«Сыр бойы»

Қазалы ауданы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<