Даянаға сәттілік тіледі

253

0

Кеше облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Токиода өтетін ХVI Паралимпиада ойындарына қатысатын қызылордалық парадзюдошы Даяна Федосовамен онлайн форматта кездесті.

Аймақ басшысы Даянаға алдағы спорт бәсекесіне сәт­тілік тілеп, Сыр елінің жана­шыр жерлестері оған жан­күйер болатынын жеткізді.

– Сізді Токио ойында­рына қатысуға құқық бере­тін лицен­зияны ұтып алуыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Сіз Сыр өңірінің спорт тарихында тұңғыш Паралимпиадаға қаты­сушысыз, сондықтан мұның өзі зор жетістік деп білеміз. Токиода бар күш-жігеріңізді жұмсап, үздік болатыныңызға сенеміз», – деді облыс әкімі.

Онлайн форматтағы жүз­­­десуде облыс әкімі Сыр елі жұрт­шылығының аты­нан еліміздің абыройын қор­ғайтын спортшы қызға көр­сетілетін сый-сияпат ретінде 500 мың теңгенің сертификатын ұсынды.

Өз кезегінде, Даяна спорт бәсекесі алдында өзіне қолдау біл­діріп, пікір­лескен аймақ басшы­сына және барша спорт жана­шыр­­ларына алғыс білдіріп, жер­лестерінің үмітін ақ­тайтынын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, коро­навирус панде­мия­сына байла­­нысты бір жылға ше­герілген ХVI Паралим­пиада ойындары биыл 24 тамыз бен 5 қыркүйек ара­лығында өтеді.

Даяна Федосова 2001 жыл­дың 13 шілдесінде Қы­зыл­­орда қаласында дүниеге келген. Ал­ма­ты қала­сын­дағы дарын­ды бала­ларға ар­налған спорт интер­натын, Қы­­зылорда қала­сындағы «Бола­­шақ» колледжін аяқтаған.

Парадзюдомен 2019 жылдан бастап айна­лысады. Бапкері – дзюдо­дан ҚР еңбек сіңірген жат­тық­тырушысы Жанарбек Сансызбаев.

Парадзюдодан ҚР спорт шебері, ел чемпионатының және ҚР Кубогының жеңім­пазы, Уорик (Англия) қаласында өткен гран-при тур­ни­рінің қола жүлдегері.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<