Ескерту: Қазақстанның 6 облысында 7-8 ақпан аралығында күн суытады

885

0

Ақпанның 7-8 арылығында Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында күн бұзылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Министрліктің Автомобиль жолдары комитетінің «Қазгидромет» мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлауынша, аталған өңірлерде жаңын, қар жауып, кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Сондай-ақ, ауа температурасы күрт төмендеп, секундына 23-28 метр жылдамдықпен бұрқасын соғады деп болжанады.

«Төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында көлік иелеріне алыс сапарға шықпауға кеңес беріледі. Оқыс жағдай болса, 1403 нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталыққа хабарласа аласыздар»,- делінген хабарламада.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<