Ірі мейрамханалардың қасына полиция бекеттері қойылады

559

0

ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова елде карантин режимі сақталмай жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Індеттің таралуы өскеніне қарамай, тұрғындар тарапынан карантин режимін елемеу жалғасып келеді. Қазіргі кезде ауруды жұқтыру деңгейі артқан өңірлерде жергілікті атқарушы органдар қосымша шараларды қабылдауға мәжбүр. Осы орайда Шығыс Қазақстан облысында ірі мейрамханалар жанында полиция постары қойылып жатыр. Яғни тойдан кейінгі оның салдарымен күрескенше, оған жол бермеудің қадамдары жасалып отыр. Бұл шаралар Алматыда атқарылуда. Түнгі клубтар маңында да полиция бекеттері қойылады. Адамдардың көптеп жиналуына жол бермеуге мән беріліп жатыр», деді Айжан Есмағамбетова.

Оның айтуынша, аталған мәселелерде әр адамда жоғары азаматтық ұстаным мен жауапкершілік болуы керек. 

«Қазіргі эпидемиологиялық ахалды ескере отырып, карантин шешімдерін толықтай орындауға, тойларды өткізбеуге шақырамыз. Сонымен қатар коронавирусқа қарсы вакцина алуға кеңес береміз», деді комитет басшысы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<