Мәскеуде белгісіз біреулер адамдарға оқ жаудырды: ондаған адам қаза тапты

271

0

Фото: видеодан кадр

Ресейлік Telegram-арналар мен БАҚ-та Мәскеуде теракт болғаны туралы ақпарат тарады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кровавая барыня Telegram-арнасы мәліметінше, Крокус Сити Холлда атыс болып, оннан аса адам қаза тапқан. Ғимарат өртеніп жатыр.

Деректерге сүйенсек, атыс «Пикник» рок-тобының концертіне бірнеше минут қалғанда басталған. Белгісіз адам автоматтан оқ жаудырып, петардалар лақтыра бастаған.

Кейбір адамдар концерт залынан сынған терезелер арқылы қашқан. Куәгерлердің айтуынша, кейін гранатаға ұқсас зат лақтырылған, салдарынан өрт басталған.

Залда болған адамдар атыстан қашу үшін 15-20 минут бойы еденде жатқан, содан кейін олар жорғалап шыға бастаған. Кейбіреулері шығып үлгерген.

«Лента дня» Telegram-арнасы мәліметінше, ғимараттың шатыры опырылған, нысанның үштен бірі отқа оранған.

«Ғимарат ішінде 100-ге жуық адам қалып қойған, олар эвакуацияланып үлгермеді. Лаңкестік шабуыл жасаған террористерді ұстау үшін қауіпсіздік қызметкерлері жоғары дабылмен жиналды», – деп жазылған арна мәліметінде.

Telegram-арналарда қаруы бар адамдар ғимаратта кездескендерді атып жатқаны көрсетілетін кадрлар да тарап жатыр.

«Адамдар туыстарымен байланысқа шыға алмай жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккендердің саны 50 адамға дейін жетті. Кем дегенде 10 адам қаза тапты», – деп жазылған Mash Telegram-арнасы мәліметінде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<