Мәскеуде Крокустағы лаңкестік әрекеттен қаза тапқан балалар саны алтыға жетті

186

0

Фото: ТАСС

Ресей астанасында орналасқан «Crocus City Hall» ғимаратында болған қайғылы оқиғадан алты бала қаза тапты. Зардап шеккендердің бесеуі әлі ауруханада, екеуінің жағдайы ауыр. Бұл туралы РФ Президенті жанындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Мария Львова-Белова журналистерге берген сұхбатында мәлім етті, деп жазады реселік ТАСС.

Бұған дейін бес баланың қаза тапқаны айтылған еді.

«Қазір бізге алты баланың қаза тапқаны белгілі болды, жетеуі жарақат алған. Екеуі үйде емделіп жатыр, бесеуі ауруханада. Олардың екеуінің жағдайы ауыр, үшеуінің жағдайы орташа ауыр. Мен оларға бардым. Ауруханалардың бас дәрігерлерімен үнемі байланыстамын, балалар барлық қажетті заттармен қамтамасыз етілген, дәрігерлер олардың оңалып келе жатқанын айтты», – деді ол.

Еске сала кетсек, 22 наурыз күні Мәскеудің солтүстік-батысындағы «Crocus City Hall» концерт залында атыс болып, камуфляж киген адамдар оқ жаудырған еді. Оқиға салдарынан 150-ден астам адам жарақат алып, 100-ден астам адам мерт болды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<