Қазалы: Апаттың себебі анықталуда

605

0

Бүгін Қазалы ауданына қарасты Тасарық ауылындағы №238 мектептің бу қазандығы жарылды. Келеңсіз жағдай таңғы уақыт 6-лардың шамасында орын алды. Апаттық жағдайдан ешкім зардап шеккен жоқ. Ең бастысы балаларға келер қауіп жоқ.

Оқиға орнына аудан әкімі Мұхтар Оразбаев пен орынбасарлары, аудандық білім бөлімі мен төтенше жағдайлар бөлімінің басшылары арнайы келіп, жағдайды қатаң бақылауға алды.

Қазіргі таңда апаттық жағдай орын алған жерде арнайы құрылған жұмысшы топ зерделеу жұмыстарын жүргізіп, апаттың шығу себептерін анықтауда.

«Оқушылардың үздіксіз білім алуы үшін мектептің бу қазандығы тез арада қалыпқа келтірілетін болады»,– деді Қазалы ауданы әкімдігі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<